Су тасқынына қарсы күрес жұмыстарына 83 миллион теңге қаражат қарастырылуда
Былтырғы жылы елдің төтенше жағдайлар саласында салыстырмалы түрде әуе апаты көп тіркелді. Бір оқиға өзіміздің өңірде орын алды. 2013 жылғы 17 шілдеде қаладағы әскери аэродром аумағында оқу-жаттығу барысында қонуға бет алған Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Л-39 оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Әскери институттың ұшу қауіпсіздігі қызметінің әдіскер-инспекторы және әскери институттың 2-курс курсанты оқиға болған жерде қаза тапты. Мұны облыстағы болған күрделі апатқа жатқызуға болады. Ал жаңа жыл түнінде бір жанұяның 6 бірдей мүшесі ыстан уланып, көз жұмды. Төтенше оқиға Хромтау ауданының Бөгетсай ауылында болған. Осылайша, былтыр 2012-ші жылмен салыстырғанда өңірде орын алған төтенше оқиға саны 27 пайызға төмен бола тұра, адам шығыны көп. Барлығы 54 ақтөбелікті жоғалтқанбыз. Департамент басшылығы суда құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысын жоғары бағалап отыр.
Өткен жылғы жұмыстарын қорытындылаған төтенше жағдайлар департаменті қазір алдағы су тасқынына қарсы күрес шараларына дайындалып жатыр. Шамамен ол жұмысқа бюджеттен 83 миллион теңге бөлінуі мүмкін. Биыл көктем ерте шыға ма, әлде ақпанның ақ түтек бораны сәуірге дейін созыла ма? Синоптиктерден алдын ала деректі ведомства ақпанның 16-сынан кейін алады. Су тасқынына қарсы штабтар құру уақыты да осы ақпан айының ортасына белгіленіп отырған арнайы комиссия отырысында анықталады.
|
Количество показов: 2375
Дата создания: 06.02.2014 18:56:58