«Су құбырын өткіземіз деп басымыз бәлеге қалды»
Су құбырын өткіземіз деп басымыз бәлеге қалды,- дейді Заңғар көшесінің тұрғындары. Айтуларынша, көшеде су мүлдем болмаған. 2017 жылы су құбырын тартып, әр үйге су кіреді. Бірақ қазір сол су құбыры үлкен проблема тудырып отыр,-дейді олар.Алтынгүл Мұсағалиева көшенің байырғы тұрғындарының бірі. 70-жылдардан бері осы жерде тұрып жатыр. Жол мәселесі шешілер емес. Жергілікті әкімшіліктің табалдырығын әбден тоздырған тұрғындар енді кімнен көмек сұрарын білмей дал.Әбден тозығы шыққан жолдар бір күні опырылуы мүмкін, деп үрейленіп отыр.
Айтуларынша, 2024 жылдың желтоқсан айында тұрғындардың бірі құдықты бітемеген. Салдарынан көше суға кеткен. Қазір жердің асты кілкіп тұрған су, дейді тұрғындар. Бір күні жердің астына түсіп кетеміз бе деп алаңдайды. Бұл жерде қазір коммуналдық мекеме қызметкерлері жұмыс істеуде. Шұңқырды топырақ және қиыршық таспен бітемек. Кез-келген уақытта жер опырылып кетеді деп үрейленген жұрт, жергілікті биліктен бұл мәселені назарға алуды сұрайды.
Количество показов: 47
Дата создания: 20.03.2025 00:20:15