Суға шоқыну мерекесіне жағажайлар әзірленуде
Бүгін төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құралған арнайы топ жағажайларды аралап шықты. Су бетіне қатқан мұздың қалыңдығын өлшеп көрді. Тоңы небары-20 см.Өзен-көлдердің ортасына жетпей-ақ, жағаға қатқан мұз адам салмағын көтермей сынып кетіп жатыр. Дегенмен, шоқыну мерекесіне жиналғандарға суға түсуге болмайды деп, тосқауыл да қоя алмайтындықтарын айтты суда құтқарушылар. Жағалау мен сүңгуге жасалатын ойықтың ара қашықтығы үш метр. Ойықтың тереңдігі 1 метр болады. Дайындық жұмыстары ертеңге дейін аяқталады. Суға түсуге рұқсат етілген жерлер Елек өзені, Кірпішті маңындағы және Земснаряд аталып кеткен жағажайлар. Бұл жерлерде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етеді. Суға сүңгитіндерге арнайы жылынатын орындар әзірленіп жатыр. |
Количество показов: 1966
Дата создания: 17.01.2014 19:23:56