Студенттер адам тонап, ұрлық жасап жүр
Былтыр бір ғана Елек полиция бөлімінің өзінде жастар арасындағы заң бұзушылық 12 пайызға артық тіркелген. Деректер бойынша, тәртіп бұзушылықтың көбі - тонау мен ұрлау. Әсіресе, олардың топ-топ болып қылмыстық әрекетке бару оқиғалары жиі тіркеледі. Жастар арасындағы мұндай тәртіп бұзушылықтарды болдырмау әрі оның алдын алу жолдары қандай? Бір тәсіл - бүгін қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері Дәрия Иманалина студенттердің өзімен жүздесті. Қыз-жігіттерге мысалдар келтіріп, теріс қылықтардан аулақ жүруді ескертті. Жастар жаппай бас алмайтын әлеуметтік желілердің де ылаңы аз емес. Дөңгелек үстел басындағы отырыста оқу орны мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, тәрбие жұмыстарының деңгейі, инспекторлардың салғырттығы туралы да айтылмай қалмады. Орта буын медицина мамандарын даярлайтын колледжде 2 мыңға жуық оқушы білім алуда. Былтыр олар түзу жүріп, тәртіп бұзбапты. Бүгін құқық қорғаушылар жылда айтылатын тағы бір мәселені қайта еске салуды ұмытпады. Ауылдан келіп, қалада білім алып жатқан жасөспірімдер пәтер жалдап тұрады. Педагогтардың да, ата-аналардың да тарапынан қадағалау жоқ. Сол себепті оларды оқу орнының тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс деп есептейді полиция қызметкерлері. |
Количество показов: 2308
Дата создания: 05.02.2014 18:37:18