Стоматологтар конференциясы өтті
Онлайн және оффлайн түрінде өткен шарада ересектер мен балалардың ауыз қуысында кездесетін патологиялар туралы айтылды. Мамандардың сөзінше, балаларда туа бітті ауыз қуысы, тіс, жақ сүйегінің патологиялары көп кездеседі. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры Бақыт Жаналинаның айтуынша, әйелдің жүктілік кезіндегі денсаулығына мән берілуі керек. Екі күнге созылатын конференцияда "Базалық реанимация бойынша демонстрациялық шеберлік сағаты", «Балалар стоматологиялық практикасындағы жүйелі асқынулар" туралы және "Ауызішілік бейнекамераны қолдана отырып, бастапқы пациентке жанжақты консультация жүргізу алгоритмі" тақырыбында мастер кластар жүргізіледі.
Количество показов: 617
Дата создания: 06.10.2022 20:18:42