Соңғы екі айда тұтынышулар құқын қорғау департаментіне 187 шағым түсті
Тұтынушы мен сатушы арасында түсініспеушілік жиі орын алады. Оның басты себебі тұтынушының өз құқын білмеуі мен электронды сауданың көбейіп кетуі. Бүгін халықаралық тұтынушылар құқын қорғау күні. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Әлеуметтік желідегі жарнамаға сендіріп, тауарға тапсырыс берушілерді сан соқтырып кететін алаяқтарға да тосқауыл болмай отыр. Арзанқол сауда жарнамасына сеніп қалған тұтынушы тауарды қайта тапсыруда көп кедергілерге тап болып жатады. Тапсырыс қабылдаушылар көп жағдайда тұтынушыға ақшасын қайтарып беруден бас тартады. Осылайша жалған жарнамаға алданғандардар саны артып отыр, дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев. Өткен жылы тұтынушылар құқын қорғау департаментіне 117 адам шағым хат жазған екен. Департамент қызметкерлерінің араласуымен олардың 7 млн 300 мың теңге қаражаты кері қайтырылыпты. Департамент басшысы Жұмамұрат Алдашев электронды сатып алу кезінде сақтық шараларына мән берген дұрыс дейді. Сатып алу жөніндегі келісімшарттың әр тармағына баса назар аударған жөн. Дегенмен сапасы көңілінен шықпаған тауарды кері қайтаруға да мүмкіндік бар, дейді департамент басшысы.Соңғы екі айда тұтынышулар құқын қорғау департаментіне 187 адамнан шағым түсіпті. Өткен жылмен салыстырғанда шағымданушылар саны 160 пайызға артқан.
Количество показов: 731
Дата создания: 14.03.2023 11:46:48