Соңғы аптада өңірде коронавируспен ауырып жатқан 7 адам көз жұмды
Соңғы аптада өңірде коронавируспен ауырып жатқан 7 адам көз жұмды. Індетті жұқтырғандардың көбі 40-49 жас аралығындағылар. Ал карантинге қала бойынша 24 класс алынған. Бүгінде коронавируспен ауырғандардың саны едәуір азайған. Соңғы тәулікте індетті жұқтырған 9 адам тіркелді. Оның 5-еуінен ауру симптомдары анықталған. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,1 пайызды құрайды. Былтыр наурыздан бері індетке шалдыққан ақтөбеліктердің жалпы саны 34 534 адамға жетті. Оның 76,3 пайызы ауру симптомымен тіркелген. Осы уақытқа дейін коронавирусқа шалдыққандардың 33 717-сі жазылып шықты. Облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев тұрғындардан карантин талаптарын сақтауды сұрап, екпе алуға шақырды.
Инфекциялық ауруханаларда 166 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық кереуеттер саны 45 пайызға , ал реанимациялық кереуеттер 38,2 пайызға толы. Соңғы тәулікте жедел жәрдем бөліміне 1296 өтініш түсіп, коронавирус инфекциясымен 3, пневманиямен 17 науқас ауруханаға жеткізілді. Коронавирус індетін тестілеу үшін 12 зертхана жұмыс істеп тұр. Ақпан айынан бері өңірге 846 мың доза вакцина жеткізілді.
Количество показов: 828
Дата создания: 08.11.2021 19:16:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>