"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ "жарып жібермек" болған жігіт сотталды
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының жаңа ғимаратын жарып жібермек болған азамат үш жылға сотталды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі абақтыда өтейді. Бүгін №2-қалалық сот судьясы Нұрлан Бисени осындай үкім шығарды. Естеріңізге сала кетсек 20-шы маусым күні таңғы сағат онға таман белгісіз біреу компанияның қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, басшыларынан құрылыс жұмыстарын жасағаны үшін 500 мың доллар талап еткен. Егер ақшаны бермесе ғимаратты құрылыс кезінде салып қойған жарылғыш затты іске қосу арқылы жарып жіберетінін айтып қорқытқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұлттық қауіпсіздік департаменті ішкі істер департаментінің қызметкерлері шілденің төрті күні 31 жастағы күдіктіні ұстаған болатын. |
Количество показов: 1996
Дата создания: 31.10.2013 18:54:12