«Синойл» күзетшісі кеудемсоқ клиентті тапаншамен атты
«Синойл» жанар-жағар май құю бекетінің күзетшісі бассыздық танытып, бензинді тегін құюды талап еткен жігітті тапаншамен атты. Бетіне оқ тиген ол қазір жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Жексенбінің таңында орын алған оқиға жөнінде облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері бүгін хабарлады. Оқиға туралы полицияға тапаншадан оқ атқан күзетшінің өзі хабар берген. Облыстық ішкі істер депаратменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, қарашаның үшінде таңғы сағат төрттер шамасында Мәскеу ауданында орналасқан "Синойл" жанар-жағар май стансасына Ваз-21 114 көлігін мінген төрт жігіт келген. Олар бекет күзетшісінен бензинді ақысыз құюды талап еткен. Кеудемсоқ жігіттердің бұл талабын күзетші орындаудан бас тартады. |
Количество показов: 2166
Дата создания: 05.11.2013 18:48:55