Шылым қорабындағы қорқынышты суреттер үлкейтіледі
Шылым қорабындағы жан түршігерлік суреттер темекі сатылымына әсер еткен жоқ. Оған темекі қорабының 40 пайызында орналасқан суреттер жеткіліксіз болған. Сондықтан алдағы уақытта мұндай бейне 50 пайызға үлкейтілмек. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Эрик Байжүнісов мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, шілде айынан бері темекі сыртында пайда болған қорқынышты суреттер темекі саудасын мүлде төмендетпеген. Қазірде 4 млн-нан аса қазақстандық темекіге тәуелді. Бұл сан жыл санап көбейіп келеді. Сондықтан шенеуніктер болашақта шылым қорабындағы мына секілді суреттерді 50 пайызға үлкейту керек деп дабыл қақты. Ал парламент темекі акцизінің ставкасын біртіндеп көтеру туралы заң жобасын мақұлдады. |
Количество показов: 2193
Дата создания: 26.11.2013 17:36:52