Шанхай ауданында көп қатарлы үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары тұралап қалды
Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі №202-үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді. Тұрғындары көп уақыттан бері осыған қол жеткізе алмай жүр. Шанхай ауданында көп қатарлы тұрғын үйлердің аулаларын асфальттауға "Таспар групп" ЖШС жауапты болған. Алайда, мердігер мекеме тапсырылған жұмысты атқара алмағандықтан сот шешімімен шеттетілген.Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі №202-ші үйдің ауласы тұрғындардың сендіруінше, 2020-шы жылы абаттандырылуы керек болған. Содан бері 2 жыл өтті. Жағдай өзгерген жоқ. Керісінше жылдан жылға ауланың күйі кетіп барады дейді мұндағы жұрт. Уақытша аулаға тас төселген. Онымен пайдасынан зияны көп болып тұр. Әсіресе қарттар мен балалар тасқа сүрініп, жарақат алып қалады. Сондай-ақ, жиналған жұрт қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігіне шағымданды. Аулада қоқыс алаңы жоқ. Ал үй маңымен өтіп жатқан ағ. Жұбановтар көшесінде жол апаты жиі орын алатын көрінеді. Тұрғындар өздерінің және балалардың қауіпсіздігі үшін көшеге бағдаршам орнатуды сұрайды. Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жайық Маратұлының айтуынша, Шанхай ауданында көп қатарлы тұрғын үйлер ауласын асфальттауға "Таспар групп" ЖШС жауапты болған. Алайда, істі тындыра алмаған мердігермен сот арқылы келісімшарт бұзылған.
Енді құрылыс компаниялары арасында конкурс қайтадан жарияланады. Тендерді ұтқан компания Шанхай ауданында аулаларды абаттандыруды тұрып қалған жерінен қайта жалғастырады.
Количество показов: 637
Дата создания: 07.10.2022 20:10:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>