Шалқардағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шалқарда апатқа ұшыраған Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігінде болған екінші оқушы қыз да ауруханада көз жұмды. Еске салайық, қайғылы оқиға Шалқар-Бозой тас жолында 4 наурызда кешке болған. Тоғызыншы сынып оқушысы әкесінің Toyota Land Cruiser автокөлігін басқара алмай, аударып алған. Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы екі ұл мен екі қыз болған. Бір қыз оқиға орнында жан тапсырды. Қазір ауруханада екі жасөспірім жатыр. Тағы біреуі үйіне шығарылған. Бұл оқиға бүтін облысты дүр сілкіндірді. Аударылған жол талғамайтын көлікте жүргізушіден бөлек тағы екі бала, екі қыз болған. Барлығы да Шалқардағы бір мектептің 9-сынып оқушылары. Екі қыздың бірі оқиға орнында жан тапсырса, екінші қыз ауруханада көз жұмды. Жол апатынан зардап шеккен 3 ер баланың біреуі бүгінде үйіне шығарылды. Қалған 2 бала облыстық ана мен баланы қорғау орталығының жарақатқа жәрдем беру бөлімінде жатыр. Жағдайлары орташа.ҚР Кылмыстық кодексінің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу арқылы абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабымен іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Количество показов: 693
Дата создания: 06.03.2023 11:51:15