Шалқар ауданында ауылдық мектеп директоры жанжал үстінде жүкті әйелі мен кішкентай қызын пышақтады
Шалқар ауданында ауылдық мектеп директоры жанжал үстінде жүкті әйелі мен кішкентай қызын пышақтады. Екеуі де жеңіл жараланған. 37 жастағы ер адам қамауда. Ол ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабымен тергеліп жатыр. Педагогтың отбасында ойран салуына не себеп болғанын полиция анықтап жатыр. 37 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабымен іс қозғалған. Ер адам қамауға алынған. Еске салсақ, оқиға 6-шы қазанға қараған түні Шалқар қаласына жақын орналасқан Жаңақоныс ауылдық округінің орталығы Аққайтым ауылында болған. 37 жастағы Аққайтым орта мектебінің директоры қызметінен босатылды. Облыстық білім басқармасындағылардың хабарлауынша, ер адам мектеп директоры болып 4 ай қызмет атқарған. Бұған дейін ол аудандық білім бөлімінде әдіскер болып жұмыс істеген.
Ал Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Еркебұлан Еркінұлы зардап шеккендердің жағдайы жақсы екенін айтты. 7 жастағы қыздың құлақ тұсы, ал әйелдің бұғанасының үстінде кесілген жара болған. Дәрігерлер жарақаттарын тігіп, таңып берген. Жаралылар ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір олар амбулаториялық бақылауда.
Количество показов: 594
Дата создания: 11.10.2022 20:42:08
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>