Үш теміржолшыны жүк пойызы қағып, қайтыс болды
Теміржолда ірі апат болып, үш адам қайтыс болды, біреуі қазір Алға аудандық ауруханасында жатыр. Оқиға кеше күндізгі сағат 13.30-да Ақтөбе жол бөлімшесіне қарасты Қандығаш стансасының Тоқмансай-Бақай өткелінің 166-шы шақырымында болған. Құрамында бес адамы бар бригада шойын жолдың тегістігін тексеруге шыққан. Жұмысшыларға бекітілген аумақ өткелдің 163-ші шақырымы болғанымен, олар өз беттерінше 166- шақырымдағы жолды тексеріп жатқан. Осы сәте жүйіткіген №3104 жүк пойызы жұмысшыларды қағып кеткен. 40 жастағы жол шебері мен 34 жастағы монтер оқиға орнында қаза тапты. Ауыр жарақаттарымен Алға аудандық ауруханасына жеткізілген екі монтердің бірі бүгін қайтыс болды. Біреуі қазір ем қабылдап жатыр. Қазір жағдайдың анық-қанығын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Бұл- жыл басынан бері теміржолда болған екінші қайғылы жағдай. |
Количество показов: 2186
Дата создания: 28.02.2013 19:04:51