Шілде айында 53 ақтөбелік билетсіз жолға шыққан
Билетсіз жолға шыққандар билет алып пойызға мінген жолаушыларға кесір. Осыны ескерген көлік және коммуникация министрлігі билетсіз жолаушылар және рәсімделмеген жүктерге қарсы шараларды күшейтті. Жер-жерде жол үстінде тексерулер көбейді. Өткен аптада "Сұңқар-1" тасымалдаушы компаниясына қарасты Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойыздан 98 билетсіз адам анықталған. Олар 13 купе мен плацкарт вагондарға және вагон дәліздеріне орналастырылған. Жаз мезгілі болғандықтан мұндай жағдайлар қазір көптеп тіркеліп жатыр. Ал билетсіз жолаушы алғаны үшін әкімшілік жазаға жолсеріктер тартылады. Айппұл көлемі 5 айлық есептік көрсеткіш. Пойыздарда тексеру жүргізетін көліктік бақылау инспекторлары заңсыздықтармен бірігіп күресуге шақырады. Арыз-шағым түсіру үшін жолаушылар пойыздарында вагон-штабтар жұмыс жасайды. Сенім телефондары да бар. Ал теміржол вокзалдарында арнайы жәшіктер орнатылған. Биыл Ақтөбеде теміржол тасымалымен айналысатын 106 шаруашылық субъектісі тексерілді. Оның 88 жолаушылар пойызы. 3620 заңсыздық тіркелді. 63 жағдайы өрт қауіпсіздігінің , 23 санитарлық нормалардың сақталмауына қатысты. 53 жауапты тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Ақтөбе, Орал жол бөлімшелерінде былтыр жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзуға қатысты 33, ал осы жылы 54 жағдай орын алды. 15 адам пойыз астына түсіп, алты адам мерт болған. |
Количество показов: 3132
Дата создания: 30.07.2012 19:19:20