Тазалық-табалдырықтан басталады. Ақтөбеде екі айлық тазалық шарасы жарияланғалы шаһардың шырайы шығып қалды. Санитарлық жағдайы жақсарып, күл-қоқыс дер кезінде шығарылуда. Қала тұрғындары осындай пікірде. Айта кетейік, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барша тұрғын атсалысуы тиіс. Бүгін біздің түсіру тобымыз "Астана" ауданына қарасты көшелерді аралады. Тазалыққа жауапты мамандардың айтуынша, тұрғындардың белсенділігі әлі де аз. Үй басқарушылары халықты жұмылдыруға күш салуы қажет. Әр ұжым мен мекеме өзіне бөлінген аумақтар мен көшелерді әр сенбі сайын ретке келтіруі тиіс. Оған жеке кәсіпкерлік нысандары да жатады. Мәселен, бұл қаламыздың "Астана" ауданына қарасты 11-ші, 12- ші мөлтек аудандары мен "Кең дала" ауданы. Бұған дейін тұрғындар қоқыс контейнерлерінің уақытылы босатылмайтынын алға тартып, коммуналдық мекеме қызметіне шағымданған болса, қазір жағдай басқа. Айлық аясында жәшіктер күнде тазартылатын болған.
Өткен сенбі күні, яғни 24-қыркүйекте "Астана" ауданы бойынша 7000- ға жуық адам сенбіліккке шыққан. Оның 1320- сы бизнес өкілі. Аудан бойынша 53 саябақ пен гүлзар тазартылған. Әйтсе де, тұрғын үйлер кооперативтері мен кондоминиумдердің белсенділігі төмен. Айта кетейік, сенбіліктер 17-қарашаға дейін жалғасады. Оған коммуналдық кәсіпорындар, кондоминиумдар, мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер қатысуы тиіс. "Астана" ауданы әкімшілігі мамандарының айтуынша, күн сайын қалада тазалық мәселесіне қатысты тексерулер жүргізіледі. Бұл үшін арнайы штаб құрылыпты. Санитарлық талапты бұзған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылатын болады.
Количество показов: 607
Дата создания: 26.09.2022 19:45:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>