Сазды полиция бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Әнуар Төлеуов 4 жылға сотталды
Сазды полиция бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Әнуар Төлеуов төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сазды полициясы бөлімі басшысының орынбасары бола тұра мемлекеттің 275 мың 40 теңгесін өз пайдасына жұмсады деп айыпталды. Бұл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқан азаматтарды қаржылай марапаттау үшін бюджеттен бөлінген ақша болатын. Полиция көмекшілеріне арналған сыйақылар 2011 жылы сегіз ай бойы Төлеуовтың қалтасына түсіп отырған. Төлеуов заңсыз иемденген ақшаны мемлекетке толығымен қайтарған. Алайда, сот оны полиция қызметкерінің ар-намыс кодексін бұзғаны үшін төрт жылға абақтыға қамау туралы үкім шығарды. Өзге әріптестеріне сабақ болсын деп, сот отырысы Зауыт полициясы бөлімі ғимаратында өтіп, сол жерде Әнуар Төлеуовтың қолына кісен салынды. |
Количество показов: 2241
Дата создания: 11.11.2013 19:07:12