Сазды ауылының тұрғындары қоғамдық көліктің қызметіне наразы
Іргедегі Сазды ауылы мен қала арасындағы қатынас нашар. №43 бағыттағы жолаушылар автобусы автопарк бекітіп берген кесте бойынша ауылға күніне 16 рет қатынайтын көрінеді. Жұмыстары таңғы алтыда басталады. Әр жарты сағат сайын жүреді. Бірақ ауыл тұрғындарының сендіруінше, қоғамдық көліктің қозғалыс жиілігі тым алшақ. Әсіресе таңда оқуға, балабақшаға және жұмысқа асығатын жұртқа бұл жол бойлау. Оның үстіне қыстың аязды күнінде аялдамада бүрсеңдеуге мәжбүр. Жағдайға қанық такси жүргізушілер де Сазды ауылы тұрғындарының қалтасын қағып тұр. Ауыл тұрғындарының сөзіне сенсек, таңғы сағат тоғыз бен он бір арасында автобус қозғалысы бәсеңдеп қалады. Күндіз де қалаға жету мүмкін емес. Ол үшін аялдамада қоғамдық көлікті 2-3 сағат күтуге тура келеді. Тұрғындар шағымы мұнымен бітпейді. Түс уақытында келген автобус салонға адам толмай орнынан қозғалмайды. Ал Сазды халқының кешкілік қаладан үйге оралуы мұң.Автопарк басшылығы мәселенің барын жоққа шығармайды. Ауыл әкімінің сұранысына орай алдағы күндері Саздыға №43 бағытты жолаушылар автобусының қатынау жиілігі арттырылады. |
Количество показов: 2035
Дата создания: 09.01.2014 19:08:17