Өткен сенбіде Сазды ауылдық округінің тұрғындарына қала әкімі Ілияс Испанов пен ауыл әкімі Аслан Мұханбетов есеп берді. Сазды ауылдық округінің 5 мыңнан астам тұрғыны бар. 40 мыңға жуық жер алаңының 22 мыңнан астамы ауыл шаруашылығы жерлері. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жақсы дамып келеді. Жеке кәсіптерін бастаған тұрғындар да бар. Сазды ауылдық округінің әкімі Аслан Мұханбетовтің сөзінше, округте 2 жеке серіктестік, 25 шаруа қожалығы, 18 дүкен мен тігін цехы жұмыс жасайды. Қос әкімнің есебінен кейін тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қаланың іргесіндегі ауылда барлық жағдай жасалса деген тілек бар. Қала мен ауыл арасын байланыстыратын қоғамдық көлік мәселесі мұнда алғашқы орында тұр. Тозығы жеткен автобустарға тұрғындар толып мінеді. Жүргізушілері де ережеге бағынбайтын болып шықты.
Саздылықтарды №43 автобус тасиды. "Автопарк" ЖШС-іне тиесілі. Қоғамдық көліктерге жауапты мекеменің басшылары кездесуде болмады. Тек механик келіпті. Оның орнына өңір басшысы жауап берді. Оқушыларды мектепке таситын автобустар да қысқарған. Соның кесірінен, балалар оқуға бармай жүр. Шаһар басшысы мәселенің шешімін табуға уәде берді. Сәуірге дейін жаңа 10 мектеп автобусы алынады. Сазды ауылына спорт кешені де керек. Былтыр ашылған Шәкірім Құдайберді атындағы №66 орта мектепте футбол сабақтары өткізіле бастаған. Оқушыларды "Ақтөбе" футбол командасының ойыншылары жаттықтырады. Ата-аналар өзге де спорт түрлерінен үйірмелер ашылғанын қалайды.
Количество показов: 1633
Дата создания: 05.02.2018 19:17:56
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>