Ақтөбеге кезекті гуманитарлық көмек жетті
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге арналған көмек еліміздің әр түкпірінен келіп жатыр. Солардың бірі бүгін Астана қаласынан жетті. Елордадағы "Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев бастап келген сәлемдемені "Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы" қоғамдық бірлестігі мен "Тең қоғам" мүгедектігі бар жандарды қолдау орталығы қабылдап алды. Аталмыш бірлестік мүшелері жолдаған гуманитарлық көмек бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккен мүгедектігі бар жандарға таратылатын болады. "Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары" республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 өңірде филиалы бар. Ақтөбедегі бөлімшесінің төрайымы Еңбек Ері Құралай Байменова бүгінгі көмек керуенінің маңызы ерекше екенін атап өтті. Бүгін келген гуманитарлық көмек бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккен мүгедектігі бар жандарға беріледі. Атап өтейік, өңірде су тасқыны басталғаннан бері Құралай Байменова бастаған бірлестік ұжымы зардап шеккен 1800-ге жуық адамға азық-түлік, тазалық құралдары мен киім-кешек таратты.Количество показов: 579
Дата создания: 30.04.2024 04:35:27