Мамырдың 1 нен бастап саяжайларға автобус қатынай бастайды
Жылдағы дәстүрге сай көктемгі мезгілде бау - бақша ұжымдарының тұрғындарын қалаға тасымалдайтын автобустар іске қосылады. Биыл автобустар №31, 34, 33, 30 - шы бағыттар бойынша сағат таңертеңгі 7 жарымнан кешкі сағат 8 жарымға дейін жұмыс істейді. Билет құны әдеттегідей 80 тг - ні құрайды. Олар Youtong және Паз маркалы автобустар. Әр бағыт бойынша бір - бір автобустан ғана қатынайды.Бау - бақша ұжымдарының тұрғындары жаңалықтан бейхабар емес. Өйткені, жыл сайын 1 мамырдан бастап бау - бақша ұжымдарынан қалаға қарай автобустар жүре бастайды. Дегенмен, тұрғындар өз шағымдарын да жасырып қала алмады. Айтуларынша, автобустар ескі болады. Бұдан бөлек сирек жүреді. Сол үшін жаңа автобустарды жіберіп, санын көбейтсе, - дейді.Қаладағы бау - бақша ұжымдарына автобустар қазан айының аяғына дейін жүреді. Одан кейін тұрғындар өздері қатынайды. Бірі үйдегі көліктерімен жетсе, енді бірі шалғай аялдамадан түсіп қалып, бірнеше шақырым жаяу жүрулері тиіс.
Количество показов: 401
Дата создания: 01.05.2024 04:57:03