Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қаза тапты, төртеуі бала
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 8 жарым шамасында, Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шы шақырымында орын алып отыр. Бұл Мұғалжар ауданындағы Сағашилі ауылының тұсы. Toyota Hilux пен LADA Largus автокөліктері соқтығысқан. Largus жанып кетті. Көлікте болған 8 адам ес жимастан көз жұмды. Төртеуі бала. Қаза тапқан балалар Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары. Қастарында ата-аналары болған. Олар да тіл тартпай кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккен 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Оларға медициналық көмек көрсетілген.Ақтөбеліктер болса такси жүргізушілерін кінәлауда. Әлеуметтік желіге жазылған пікірдің дені таксистердің жүгенсіздігіне қатысты. "Адам емес, ағаш тасып бара жатқандай айдайды",-деушілер көп. Жанып кеткен көлікте болған 5 адам Саркөл ауылының тұрғындары. Балаларын қалаға дәрігерге қаратуға шыққан, дейді білім бөліміндегілер.
Количество показов: 367
Дата создания: 06.03.2024 23:42:16