Саяжайдағылар суға кетуі мүмкін
Саяжайды мекендегендер суға кетуі мүмкін. Сондықтан, жергілікті билік өкілдері келесі аптада бау-бақша ұжымдарын аралауды жоспарлап отыр.
Әуежай мен көлік базарының маңы қалың қардың астында қалған. Дер кезінде шығармаса, топан судың астында қалуы ғажап емес. Бүгінгі жұмыстар сондай қауіп-қатердің алдын алу үшін жасалып отыр, дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев. Бүгін тазарту мекемелері қаладағы бірқатар су ағатын арықтарды тазартты. Бұған қоса, ауылдық жерлердегі қар да шығарылып жатыр. Қаланың қарын тазартуға 90 су айдау техникасы , 8 автоцистерна бөлінген. Бөлім басшысы бұл қажеттілікті өтеуге толық жеткілікті деп отыр. Биыл қалаға қардың былтырғыға қарағанда көп жауғаны белгілі. Бірақ, шенеунік бұл - қала толықтай суға кетеді деген сөз емес дейді. Дәл қазір мына аумақ қаупті деп дөп басып айтудың өзі- қиын. Бәрі- ауа райына байланысты. Қауіп, әдеттегідей өзен-көлдердің маңына жақын орналасқандарға төнеді. Сондықтан, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары саяжайды паналап отырғандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші.
|
Количество показов: 1908
Дата создания: 28.02.2014 17:49:59