Саяжай тұрғындарының айтар арызы әлі де аз емес
Зейнеткер Сәуле Бейсенова бұл аймақты су басып кеткен уақытта үйдің ішкі электр желілері тұтас жанып кетті,- дейді. Тұқымдыққа сақтап отырған қап-қап картоп суға кетті. Үйімізге жақында оралдық. Бұл аудандағы тұрғындардың жағдайы әлі де қиын болып тұр. Фрунзе-2 саяжай ұжымында адам қарасы көбейе бастаған, көктемгі қарбалас. Күн жылына маусымдық жұмыстар басталып кеткен. Бағбандар жазғы үйге кіру мүмкін емес деп отыр. Үйлердің ішіндегі тұрмыстық бұйымдар жарамсыз болып қалған. Су тасқыны кезінде келтірілген шығын шаш етектен,- дейді саяжай иелері. Фрунзе-2 саяжай ұжымындағы үйлердің денінде дәл осындай көрініс. Тұрғындар кейбір үйлерге су тасқынынан келтірілген шығынды тізімге алып жүрген комиссия бас сұқпағанын айтады. Тіпті олар бір жолғы берілетін әлеуметтік көмекті де алған жоқпыз,- дейді.Количество показов: 362
Дата создания: 23.04.2024 06:02:10