Көшет отырғызу көпшіліктің ісі
1- мамыр мерекесі осындай көңілді сенбіліктен басталды. Бұл-ақтөбеліктердің шаһарымыздың 155 жылдығына тартуы. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген қазақ табиғаттың жандануына, көркеюіне аса мән берген. Ақтөбеде тал егу дәстүрі қарқын алып жатыр. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Экологиямыз жақсарады, ауа тазарады. Ақтөбе жасыл қалаға айналады. Игі шараға 7 мәдениет орталығы мен 14 кітапханадан 300 ден астам қызметкер қатысты. Негізгі мақсат тұрғындарды қаламызды таза ұстауға, өскелең ұрпақты туған өлкенің тазалығын сақтауға шақыру.Мерекемен тұспа-тұс келген сенбілік ерекше өтті. Қатысушылар жұмыс істей жүріп, ән де шырқады, өлеңдер де оқыды. Қалалық Мәдениет үйінің алдына бірнеше көшет отырғызылып, қалғанын сенбілікке қатысушылар өздерінің жұмыс орындарының алдын көгалдандыру мақсатында екпек. Қаланың көркін беретін жас ағаштар енді жақсы күтімді талап етеді. Уақытында суарылып, күтім көрсетсе, қаламыз екі -үш жылда жасыл қалаға айналайын деп тұр.
Количество показов: 447
Дата создания: 03.05.2024 00:36:09