Саяжай тұрғындар қыста жылусыз отыр.
Төрт баланың анасы Арайлым Боранбаева тоңған үйін жылыту үшін күндіз түні от жағып отырғанын айтады. Отты үзбей жағып отырмаса, ағаш отын лап етіп жанып кетеді, жылуы мардымсыз. Көп балалы ана көмір сатып алуға мүмкіндік жоқ екенін айтады. Былтыр 16 мың теңге болған көмірдің тоннасы биыл 20 мың теңгеден асып кеткен. Балалар тәңертең ерте тұрып мектепке барады. Үйді жылыту үшін отағасының да күні отын жарумен өтеді, дейді Арайлым. Балалардың әкесінің де тұрақты жұмысы жоқ. Газ құбырын тартуға да қаражат қолбайлау болған. Газ түгілі көмір ала алмай отырмыз, дейді көп балалы ана. Қала маңындағы саяжайларда қыстайтын көптеген отбасылардың басындағы жағдай осы. Газ тартылған аудандарда да көгілдір отынның қысымы төмен болғандықтан, үй жылымайды. Көмірдің бағасы әр маусым сайын қымбаттап келеді. Биыл облыс аумағындағы көмір жағатын тұрғын үй иелері үшін Екібастұз, Қаражыра, Шұбарқұдық кен орындарынан 22 мың тонна көмір жеткізілетін болды. Отынның тоннасы үшін бағасы 18 мың теңге мен мен 20 мың теңге аралығында екен. Көмірдің үйге дейінгі жеткізу ақысы тағы бар.Количество показов: 360
Дата создания: 25.11.2023 02:31:56