Сауда орындарына тұрақтандыру қорынан жеткізіліп жатқан көкөністер тексерілуде
Ал тұрақтандыру қорындағы көкөністің сапасына жауапты "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі қордың өнімі сапасыз болуы мүмкін емес деп ақталды. Жауапты мамандар қоймадағы картоптардың балғын екендігіне күмәнданбайды. Өнім «Пригородный» ЖШС-де өсірілген, іші сары, сырты ақ түсті. Дүкенге жеткенше күз, қыс айларында +3 градустық температурада сақталады. Көкөніс келісіне бекітілген әлеуметтік баға 84 теңгені құрайды. Ақтөбеде картоптың келісі 200 теңгеден жоғары. Көкөніс бағасының өсуін тежеп, халықты арзан өніммен қамту үшін тұрақтандыру қорындағы картоп саудаға келер жылдың сәуір айына дейін түсіп отырады. Картоптан бөлек, қорда сақталған сәбіз бен пияз, қырыққабат жеткілікті. Айтпақшы, тұрақтандыру қоры өнімдерінің сапасын бағамдайтын мониторингтік топ қаладағы ірі сауда желілерінің көкөніс сақтайтын қоймаларына бас сұға алмай отырған көрінеді. Жеке сауда нүктелері қоймаларының аумағы аса үлкен еместігін жасырмайды. Бірақ тексеріс жүргізуге үзілді-кесілді қарсы болған.
Количество показов: 558
Дата создания: 22.11.2021 18:15:48