Сұйытылған газдың 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды.
Жаңа жылдан бастап сұйытылған газдың бағасы 5 теңгеге өседі. Яғни, автогаздың қазіргі құны 54 теңгеден болса, 1 - ші қаңтардан бастап 59 теңгеге көтеріледі. Бұл газ тапшылығын жоюға көмектеседі, дейді вице министр. Ал, қалада жағдай мүлдем басқаша. Көлік жүргізушілерінің айтуларынша, газдың құны қанша өссе де, олар сұйытылған газдан бас тартпаймыз, деп отыр. Себебі, бензиннің бағасы өте қымбат.Ал, газ қондыратын арнайы орталыққа келушілердің саны көп. Шебердің айтуынша, бензиннің бағасы қымбат болғасын, газбен жүру үшін арнайы қондырғыны орнататындар жетерлік. Газ қондырғылары Италия, Литва және Польша елдерінен жеткізіледі.Қазіргі таңда елімізде көлікке газ баллонын орнатуға тыйым жоқ. Дегенмен кез келген көлік жөндеу орнында жасалатын бұл қызмет қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан Энергетика министрлігі мәселені шешу үшін газ баллонды жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алуды міндеттеу шарасын ойластырып жатыр. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің ресми дерегінше, елімізде соңғы жылда ғана 300 мыңнан астам автомобиль сұйытылған мұнай газына көшірілген.
Количество показов: 338
Дата создания: 22.11.2023 01:48:57