Сұйытылған газ кей бекеттерде талонға беріліп жатыр
Дүкендерде "Тағам" сауда белгісімен пісірілетін бөлке нан 160 теңге тұрады. "Рамазан" өнімі 120 теңге тұрады. Әзірге ең арзан әлеуметтік нанды "Ақтөбе-нан" кәсіпорны пісіріп отыр. Бағасы 100 теңге. Бұрын қалада жолаушы тасымалы қызметі құны мен нанның бағасы бірдей болатын. Қазір автобустарда жолақысы 80 теңге. Нан одан қымбат. Келесі жылы Ақтөбеде ұнның қымбаттауынан әлеуметтік нан бағасы көтерілуі мүмкін. Мәселен, жыл басынан бері "Ақтөбе-нан" ЖШС әлеуметтік нанды күніне 7 тоннадан өндіріп келген. Қараша айынан бастап серіктестік арзан бағада нан шығаруға қауқарсыз болып отыр. Наубайхана қазір күнделікті 20 тонна ұн жарата алып отыр.
Количество показов: 537
Дата создания: 28.11.2022 18:19:43