Әсем Эльбрусованы айуандықпен өлтірген жігіті 10 жылға сотталды. Бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Алтынбек Сабыров үкімді оқыды. Іс материалдарына сәйкес, Бақыт Орынбасаровтың сүйіктісін қылғындырып, әрі тұншықтырып өлтіргені дәлелденді. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысында Әсем Эльбрусованың тіл асты сүйегі сынғаны, бір сантиметрге дейін мойын қанталауы болғаны нақты көрсетілген. Яғни Бақыт Оранбасаровтың қос қолымен бірнеше минуттар бойы қылғындырғаны анықталды. Осы уақытқа дейін іс материалында жинақталған құжаттардың бәрін оқып шыққан судья кінә тағылған жігіттің сол сәтте жедел жәрдем шақырмауы, қылмыстың қасақана жасалғанын дәлелдейді деп мәлімдеді. Кінәсін мойнына алған Бақыт Орынбасаров түрмеде жазасын өтеумен қатар марқұм Әсем Эльбрусованың ата-анасына 6 млн теңге материалдық және моральдық шығын төлейді. Және сүйіктісінің анасына өткен тамыз айынан бері сот отырыстарында өкіл жалдау үшін жұмсаған қосымша 500 мың теңге шығынын да өтеп береді. Үкім 15 күннен соң күшіне енеді.
Қайғылы оқиға тамыз айында болды. Бірнеше ай бойы кездескен қызына Бақыт Орынбасаров әлдекімдермен сөйлескені үшін қызғанып дене жарақатын салады. Әдейі түсік жасаттың деп айыптайды. Өзіне қарсылық көрсеткен жұбын аузын, мұрнын басып тұншықтырған. Қатты күш көрсетіп тіл асты сүйегін сындырып жіберген. Көз жұмған қызының денесін бір күн бойы жасырып, жалдамалы пәтерде сақтаған. Бүгін сотта шығарылған үкіммен келіспеген Әсем Эльбрусованың туғандары апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Анасы мен әкесі жалғыз қызының өліміне кінәлі жігітке тағайындалған 10 жыл мерзімді аз деп есептейді.
Количество показов: 930
Дата создания: 16.01.2020 19:22:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>