Руслан Жолдыбаевтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Шұбаршидегі қарулы қақтығыстар кезінде оққа ұшқан полиция қызметкері Руслан Жолдыбаевтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгін полиция аға лейтенанты білім алған №13 мектептің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылды. Жиынға Руслан Жолдыбаевтың сыныптас-достары, әріптестері, мектеп ұжымы мен оқушылар, жары мен жалғыз қызы, анасы Алтын Жолдыбаева қатысты. Ескерткішті облыстық ІІД қызметкерлері орнатқан. Руслан бұл мектепте 1983-1993 жылдары білім алды. Ұстаздарының айтуынша, ол оқушы кезінде өте белсенді, алғыр болатын. Азаматтың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі. "Арлан" арнайы жасағының сарбазы Руслан Жолдыбаев 2011 жылы шілдеде Шұбарши ауылында қылмыскерлерді құрықтау кезінде қаза болды. Ол ерлігі үшін 2-ші дәрежелі "Айбын" орденіне лайықталды. Төсбелгі Русланның жарына табыс етілді. |
Количество показов: 2001
Дата создания: 13.12.2013 19:24:45