"Робо-Көкпардан" облыстық чемпионат өтті
Ойын құрастырушысы - Нұргүл Таймағамбетованың сөзінше, әуелі лего жиынтықтарын зерттеп, кейін "Робо-Көкпарды" бір аптада құрастырған. Тәжірибе кезінде әлі де толықтырулар пайда болады, дейді. Бұдан бөлек өнертапқыш робоспортқа басқа да ұлттық ойындарды қосуды көздеп отыр. Мәселен, «Қыз қуу», «Жебе ату» ойындарының жаңа нұсқасын жасамақ. Сондай-ақ Алға ауданындағы №4 орта мектебі де «робототехника» сабағына ерекше көңіл бөліп отыр. Аталған білім ордасы балалар өздері робот құрастырып, оларды мейлінше "адамға ұқсататын" бағдарлама жасай алуы үшін жақында корейлік құлтемір сатып алған. Бағасы 600 000 теңге. Робот 1000-түрлі қимыл жасайды. Әзірге оқушылар роботтың 20 іс-әрекетін анықтаған. Мақсат балалардың өз бағдарламалары мен робот құрылғыларын ойлап тауып, оларды өмірде қолдану жолдарын жасауға баулу. Осылайша ақтөбелік робот жасаушылар ел мектептерінде өздерінің жаңа өнімдерін қолдануды ұсынып отыр. Зияткерлер мектептерде робот жасаудың қыр-сырын 5-6 сыныптан меңгертуге кеңес береді.
Количество показов: 672
Дата создания: 10.12.2021 18:23:32