"Рика" телеарнасында "ашық есік" күні өтті
Балаларға бәрі қызық. Телеарна ашылған алғашқы жылдарда қолданылған ауыр-ауыр камера, ескі теледидар мен микрофондар, есіктен ене сала оқушылардың назарын аударған да осы құрылғылар болды.Одан соң, балалар екінші қабатта орналасқан бағдарламалар бөлімінде болды. Дауыс жазды, бейнеинженер үстеліне отырды, өздерін бір сәт жуналист болып та сезініп көрді. Бір қарағанда оңай түсірілгендей көрінетін телехабарлар тұтас ұжымның еңбегін қажет ететіндігін анық аңғарды. Келесі кезек күнделікті тынымсыз тіршілікпен бір ағымда жүзетін журналистердің ортасы жаңалықтар бөліміне келді. Үшінші қабатта орналасқан бөлімде әдеттегідей жұмыс қызу. Оқушылар тілшілердің түсірілім тобымен белгіленген жерден жиған-терген ақпараттарын кешкі эфирге әзірлеп жатқан сәтіне куә болды. Телевизия тіршілігіне етене жақындай түскен оқушылар экскурсия аяқталар уақытта көрерменге жол тартатын жаңалықтар мен таңғы бағдарламалар түсірілетін студияға кірді. Бұл көріністерді тек көгілдір экранның ар жағынан тамашалап жүргендіктен алған әсерлері де ерекше болғанға ұқсайды. Шындығында ұжымдық күшті талап ететін телевизия саласының ыстық-суығы қатар жүреді. Онда еңбек ететін әр жанның жауапкершілік жүгі ауыр. Айта кетейік, ақтөбеліктердің ықыласын бөленген "Рика" арнасы биыл 30 жылдығын атап өтті.
Количество показов: 660
Дата создания: 04.03.2022 18:35:29