"Рика" теле арнасының тілшілері топ жарды
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ақтөбелік тілшілер мен болгерлер арасында байқау жариялаған болатын. Оған 50 ге жуық БАҚ өкілі қатысты. Жол сапасына қатысты материалдар жариялады. "Факт" бағдарламасының тілшісі Тамирис Жұмабаева үздік репортаж авторы атанды. Әріптесіміз бірінші орынды қанжығалады. Жүлделі екінші орын облыстық телеарна ұжымына бұйырды. Үшінші орынды Евразия телеарнасының меншікті тілшісі алды. Рика телеарнасы жаңалықтар қызметінің тағы бір тілшісі Влад Рогушов алғыс хатпен марапатталды. Өңіріміздегі жолдардың жай-күйі туралы үзбей материал жариялап, үздік деп танылған әріптестерімізді құттықтаймыз.Количество показов: 613
Дата создания: 29.08.2023 08:07:41