Іргедегі Жаңақоныс ауылының тұрғындары жол азабын тартып отыр
Ауылда 200-ге тарта отбасы түтін түтетіп отыр. 80- нен астам бала Жаңақоныс шетіндегі мектепке жаяу қатынайды. Оңтүстік- батыс ауданына барып оқитындары бар. Ол мектеп тіпті алыс. Қатынастың қиындығынан балалар мектептен қалып жатады.
Елді мекен тұрғындары газ бен ауыз суды өз қаражаттарына тартқызып алған. Әкімдік жарық беріп те жарытпады дейді тұрғындар. Қазір бұл жердегі салынып біткен үйлердің біразы электр жарығынсыз отыр. Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов ауыл тұрғындарын осы жылы инфрақұрылымдық мәселелер толық шешімін табады, деп сендірді Тұрғындар арасында "Алты үйлік" аталып кеткен бұл ауданда бала саны аз болғандықтан, мектеп салу жоспарланбаған. Жеке кәсіпкерлер ақылы балабақша ашу туралы жоба ұсынып үлгеріпті. Ал жол құрылысының сметалық құжаты дайындалып жатыр. Қаражат бөлінсе, биылдан қалмай көшелерге асфальт төселуі мүмкін, дейді Астана ауданының әкімі.
Количество показов: 611
Дата создания: 07.04.2022 18:16:22