Республикалық маңызы бар жолдарды қысқы мезгілде күтіп ұстауға дайындық пысықталды
Республикалық маңызы бар жолдарды қысқы мезгілде күтіп ұстауға дайындық пысықталды. Облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ АОФ қызметкерлері "ҚазАвтоЖол" ЖШС барып, ондағы қар тазалайтын техникалардың мүмкіндігін тексерді. Жалпы облыс бойынша республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1869 шақырым. Оның 1666 шақырымы "ҚазАвтоЖол" ЖШС -нің қарауында. Аталған мекемеде 87 дана қар тазалайтын техника бар. Бүгінде "ҚазАвтоЖол" ЖШС-де қар тазалайтын 87 дана техника сақадай сай. Дегенмен әлі 30 техника жеткіліксіз. Бүгінде 20 көлікті жалға алу бойынша келісімдер жүріп жатыр. Жалпы облыс бойынша республикалық маңызы бар тас жолдардың ұзындығы 1869 шақырым. Оның 1666 шақырымы "ҚазАвтоЖол" ЖШС-нің қарауында.
Бүгінде жауапты кәсіпорын көктайғаққа қарсы 12 600 текше метр тұз араласқан құм дайындаған. Сонымен қатар жол бойында жолдың жағдайы жөніндегі уақытша белгілер орнатылып, қарды тежейтін қалқандар салынып жатыр. Жалпы жыл басынан бері жолды күтіп ұстау жөнінде талаптарды орындамағаны үшін 231 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "ҚазАвтоЖол"серіктестігіндегілер алдағы қысқа дайын екендерін жеткізді.
Количество показов: 614
Дата создания: 27.10.2021 19:23:43
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>