Республикалық маңызы бар тас жолдар қардан тазартылуда
Облыс аумағынан республикалық маңызға ие 5 тас жол өтіп жатыр. Өңірде қалааралық осы тас жолдардың күтіміне «Қазақавтожол» АҚ -ы жауапты. Қыс мезгілінде жолдарды қардан тазартуға 80-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Әр ауданда жол-эксплуатациялық учаскелер мен бекеттер бар. Қыстыгүні жиі қар басып, көлік қозғалысы нашарлайтын бағыттарға Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағатындағы тас жолдың 137-ші мен Ақтөбе-Орск бағытындағы жолдың 57-ші шақырымдарын жатқызады мамандар.
Мекеме үшін қыс пен көктем нағыз жайсыз мезгілдер. Көктемде сірә жолдарды су шайып кету қаупі басым. Ол үшін қыс уақытында тас жолдар қардан тиісті деңгейде тазартылып тұруы қажет. Желтоқсан айынан бері республикалық маңызы бар жолдар 11 мәрте жабылған. Бүгін түнде Ақтөбе-Астрахань бағытындағы тас жол жабылуы ықтимал.
GPS-қондырғы. 2012 жылдан бері «Қазақавтожол»мекемесінің облыстық филиалы арнайы техникаларын осы қондырғылармен жабдықтай бастады. Жаңашылдықтың тиімді жақтары бар дейді мекемедегілер. Көліктердің қай аумақты тазартып болғанын, қай маңда жүргенін бақылап отыруға мүмкіндік бар.
|
Количество показов: 2241
Дата создания: 15.01.2014 19:08:15