Республикалық маңыздағы тас жолдардың қысқа әзірлігі қандай?
Облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 1869 шақырымды құрайды. Оның ішінде 303 шақырым "Ақтөбе-Қандыағаш - Қандыағаш-Мақат" тас жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың осы бөлігінде көктайғаққа қарсы мердігер мекемелер 200 тонна тұз бен 3000 тонна құм дайындап қойған. Облыс аумағында 204 қар басатын учаске бар. Жолдардың қарын аршуға 81 техника жұмылдырылған. Бұл жеткіліксіз. Әлі 30 жақты техника қажет. Сонымен қатар, қар көшкінінің салдарынан тас жолдарда кептеліс орын ала қалған жағдайда автотұрақтар қарастырылған. Сондай - ақ, азаматтарға уақытылы көмек көрсету мақсатында аудандар мен қала арасында жылыту пунктері орнатылды. Жалпы сыйымдылығы - 8626 адамға арналған 114 жылыту бекеті жұмыс жасайды. "Қызыл Ай" қоғамы жылыту пунктерін азық - түлік, киім - кешек қорларымен қамтамасыз етеді.
Количество показов: 562
Дата создания: 14.11.2022 12:47:42