Республика бойынша сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі жағынан Ақтөбе облысы 13 - ші орында тұр
Облыс бойынша 4311 тұрғын сайлауда алғаш рет өз таңдауын жасады. Оларға жеке кәсіпкерлер тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен азық - түлік жәрмеңкесі де ұйымдастырылған болатын.Біздің облыста Қасым-Жомарт-Тоқаевқа 331 мың 41 адам дауыс берген. Жигули Дайрабаев 18 мың 908 ақтөбеліктің даусына ие болды. Одан кейінгі орында Нұрлан Әуесбаев 9517 дауыспен. Салтанат Тұрсынбекова облыс тұрғындарының 9312 дауысын алды. Қарақат Әбден - 8536, Мейрам Қажыкен 4125 дауысқа ие болды.
Количество показов: 636
Дата создания: 21.11.2022 19:29:51