ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 10-15%-ға төмендеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың мәлімдеуінше, статистикаға оң өзгерістер енуіне жер-жерде жұртшылықпен ашық диалогтар өткізу себеп болып отыр. Қоғамдық бірлестік өкілдері де жемқорлықпен күреске атсалысуда.
Агенттік өкілі ақтөбеліктерді толғандыратын мәселелерді түртіп алды. Дөңгелек үстел басына жиналған кәсіп иелері өз мәселелерін ортаға салды. Шараға шамамен 100-ге тарта шағын және орта бизнес өкілдері жиналған. Азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту үшін біз жұртшылықпен әлде де тығыз байланыста болуымыз қажет»,- деп атап өтті Саян Ахметжанов.Өңірде бизнес субъектілері қатары жыл санап көбейіп келеді. Бизнес нысандары "Атамекен" облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жасайды. Нақты мәселе туындаған жағдайда құзырлы органдарға шағым түсіре алады.
Количество показов: 766
Дата создания: 04.10.2022 19:25:09