ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді. Нұр-Сұлтаннан келген мейманды әуежайдан облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов пен облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Талап Ұснадин күтіп алды. Министрге ең алдымен Ақтөбе хром қосындылары зауытының жұмысы таныстырылды. Министр әуежайдан түсе салып бірден "Ақтөбе хром қосындылары зауыты" АҚ-на барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Радий Фахретдинов министрге кәсіпорынның экологиялық стратегиясы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Кәсіпорында өнеркәсіптік қалдықтардың көлемді көзі болып табылатын натрий монохроматы өндірісінің жаңа доломитсіз технологиясы енгізілді. Жаңа технологияның енгізілуімен қоршаған ортаға келетін залалдың көлемі 40% азайып отыр. Аталмыш технологияны енгізуге 2000 жылы 1,7 млрд теңге жұмсалған. Монохромды шламдарды қайта өңдеуге кететін шығын көлемі жыл сайын 400 млн теңгені құрайды. Өнеркәсіптік қалдықтардың 60 пайызы қайта өңделіп, 40 пайызы көміледі.
Количество показов: 782
Дата создания: 24.06.2022 19:58:36
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>