ҚР Әділет министрі ақтөбеліктермен кездесті
Алимент өндіру, үкіметтік емес ұйымдарды іріктеу, жылжымайтын мүлікті сату, заңдастыру секілді проблемаларымен бүгін ақтөбеліктер әділет министрі Азамат Есқараевқа жүгінді. Үкімет мүшесі облыста іссапармен жүрген болатын. Бүгін түстен кейін "Аманат" партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.Қоғамдық қабылдауға келгендердің қарасы көп. Басым бөлігі жеке мәселесімен жүр. Оның ішінде алимент дауын көтерушілер. Борышкердің мүддесін қорғап жүргендері кірісі жоқ адамға алимент төлемей жүргені үшін әкімшілік жаза қолдану негізсіз, дейді. Алимент төлеуден жалтарғандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі өткен қабылдауда әділет Министрі Азамат Есқараев осылай жауап берді. Әділет министрі Азамат Есқараев жолданған сұрақтардың ешбірі жауапсыз қалмайтынын жеткізді.Количество показов: 632
Дата создания: 27.01.2023 12:24:23