Прокурорлар азаматтардың арыз-шағымын тыңдады
Шаруасы шешілмей, кейбір құзырлы мекемелердің қызметіне көңілі толмай, тауы шағылған тұрғындар бүгін "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимаратына келді. Бүгін өткен қоғамдық қабылдауға партия өкілдерімен бірге прокурорлар да қатысты. Үш балалы ана бұрынғы күйеуінен балаларына тиесілі нәпақасын ала алмай жүр. Қарызы 900 мың теңгеге таяп қалған. Қоңырау шалса балалардың әкесі тұтқаны да көтермеген. Шарасы қалмаған ана қалалық прокуратураға шағымданады. Сең қозғалғандай болған. Күтпеген қоңыраудан сескенген Атырау қаласының тұрғыны балаларына 200 мың теңге аударады. Ал бұрынғы әйелінен енді мазаламауын сұрапты. Прокурорлар іс Атырау қаласының тұрғынына қатысты болғандықтан, өндірістік іс сол жақта қарастырылуы керектігін түсіндірді. Қоғамдық қабылдаушылар қала тұрғынының арызын қабылдап, атыраулық әріптестерімен байланысуға уәде етті. Құқық қорғаушыларға жүгінгендер негізінен сот қаулысын орындата алмай жүргендер, жер телімін заңдастыра алмағандар. Және балаларына тиесілі нәпақаны өндіріп беруді сұрап келгендер. Билік партиясы прокурорлармен бірлесіп бес мәрте қоғамдық қабылдау өткізген. 70-ке жуық азаматтың өтініші мен арыз-шағымы қаралған. |
Количество показов: 1831
Дата создания: 13.11.2013 18:39:44