Премьер-министр Кәрім Мәсімов Ақтөбеге келді
Бүгін қаламызға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов келді. Сапар ресми емес сипат алып, оған журналистер қатыстырылмады. Дегенмен, біздің түсіру тобымыз Үкімет басшысы бас сұққан нысандардың бірі - орталық базардағы жаңадан салынған "Достық" сауда орталығында болды. Кәрім Мәсімов үш қабатты ғимараттың бірінші қабатын ғана аралап шықты. Алты айдың ішінде салынып біткен нысанда 600 сауда орны бар. Киім-кешек, тұрмыстық заттардан бөлек, мұнда азық-түлік, көкөніс-жемістер сатылып жатыр. Бұған дейін бұл нысанның орнында ашық сауда сөрелері орналасқан еді. Үкімет басшысы сауда орталығын аралап шыққан соң, "Капитал-плаза" іскерлік ортағында кәсіпкерлермен кездесті.
Количество показов: 1607
Дата создания: 08.07.2014 18:02:37