Полиция балаларға ғаламтор арқылы жауап берді
Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен қарапайым қала тұрғындары бүгін полиция қызметкерлерімен ғаламтор арқылы байланысқа шықты. Облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтында "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында түске дейін онлайн-конференция өтті. Екі сағаттың ішінде сайтқа оннан астам сұрақ түскен. Ювеналды полиция қызметкерлері сауалдарға сол бойда жауап беріп отырды. Бөлімше инспекторы Анар Марзакенованың айтуынша, қазір облыс бойынша 400-ден астам жеткіншек полиция тіркеуінде тұр. Жасөспірімдердің көбі ұялы телефон ұрлығымен қолға түскен. Айта кетейік, полиция қызметкерлері ертең де онлайн тәртібінде тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сауалдарды www.dvdaktobeobl.kz сайтына жолдауға болады. 5-желтоқсанда тағы бір интернет-конференция өтіп, онда учаскелік инспекторлардың жұмысы жайлы сұрақтар қабылданады. |
Количество показов: 2173
Дата создания: 26.11.2013 18:55:25