Пияз қымбаттады
Қалада пияз бағасы күрт көтеріліп кетті. Сатушылар мұны бағаның маусымдық құбылуы деп түсіндіреді. Ал ауылшаруашылық министрлігі 28 қаңтардан бастап 3 айға Қазақстаннан пиязды экспорттауға тыйым салғаны белгілі. Бұл шара Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алынған болатын. Бірақ оның әсері болмай жатқан секілді. 41-ші бекеттегі көтерме базарда пияздың бағасының өсе бастағанына да бір айдай уақыт болыпты. Жыл басынан бері апты сайын 5-10 теңгеге қымбаттап, бүгінде жуаның келісі 250-260 теңгеге жетті. Сатушылар бүгін тәңертең пияздың келісін көтерме сауда желілері арқылы 250 теңгеден тапсырыс беріп алдырғандарын айтады. "Ақтөбе" Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы" арқылы қаржыландырылатын сауда орындарында ғана көкөніс бағасы өзгермеген. Пияздың келісі 140 теңгеден болғанымен сатушылар сапасы төмен екенін жасырмайды. Бағаны тұрақтандыру қорынан арзан бағаға 65 мың тонны картоп пен 60 мың тонна қырыққабат сатып алынған.Әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі 120, қырыққабат -80 теңгеден сатылып жатыр. Өзге сауда орындарында көкөніс қымбат. Жақында картоп бағасы да 20 теңгеге көтерілген.Количество показов: 841
Дата создания: 09.02.2023 12:04:46