Педагогтарды жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді
Мұғалім жұмысқа тұру үшін конкурсқа өтініш береді. Оған өзінің бүкіл жетістіктерін қоса тіркеуі тиіс. Осыған сай өзін дербес бағалай алады. Ал комиссия тексере келе ұпай шығарады. Нәтижесінде бос орынға ең көп ұпай жинаған үміткер қабылданады. Ал мектептер бос жұмыс орындары мен уақытша бос лауазымдардарға байқау өткізеді. Тағы бір жаңашылдық жас мамандарға қатысты. Дипломы бар жас маманның педагог санатын дәлелдейтін құжаты болуы шарт. Ол Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, педагогтың 1-санатын алуы тиіс.Мұғалімдердің жалақасы биыл екі есеге өсті. Жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артты. Әйтсе де, өңірімізде мұғалім тапшылығы бар. Мектеп бітірушілер арасынан мұғалім боламын деушілер саны да азаюда. Ресми деректерге сүйенсек, өңірімізге 430 педагог жетіспейді. Ал мұғалімдердің орташа жалақысы 290 мың теңге, дейді білім басқармасының маманы.
Количество показов: 804
Дата создания: 12.08.2022 00:22:17