Педагог қыз-келіншектер "Ал, қанекей, қыздар!" эстафетасына қатысты
25-ақпанда Д.Қонаев атындағы орта мектепте ұстаз қыз-келіншектер арасында "Ал, қанекей, қыздар!" атты спорттық-эстафеталық жарыс өтті. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жарысты ұйымдастыруға Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімдігі мұрындық болды. Жүлделі орындарды 50-ден астам қыз-келіншектен құралған 7 команда сарапқа салды. Құрамалар "Алматы" ауданына қарасты мектептерде жасақталған. «Ал, қанекей, қыздар!» спорттық- эстафеталық жарыс Д. Қонаев атындағы орта мектеп базасында өтті. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жақсы бастаманы көтерген "Алматы" ауданының әкімдігі. Осы аудандағы мектептердің барлығы идеяны қолдай кеткен. Нәтижесінде 7 бірдей мектептен құрамалар жарысқа түсті. Командалар түрлі тапсырмаларды асқан белсенділікпен орындады. Арқан тартыс, кедергілерден өтіп, белгілі бір қашықтықты бағындыру секілді сайыс түрлері қатысушылардың ептілігін, жарысқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Жарысқа барлығы 7 мектеп құрамасы қатысты. 50-ден аса қыз-келіншек көктем мерекесі қарсаңында бас қосып, бір серпіліп қалды.1-орынды №50-ші мектептің «50 точка KZ» командасы, 2-орынды №53 ЖББОМ «Раушан» командасы, 3-орынды Д.Қонаев атындағы ЖББОМ «Қонаев жұлдыздары» және №78 ЖОББМГ «Fire team» командалары жеңіп алды. Сонымен қатар, белсенділіктері үшін №57 ЖББОМ «Росс-вегас» және М.Арын атындағы ЖББОМ «Арын drive» командалары "Алғыс хаттармен" марапатталды. "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медальдар және "Алғыс хаттары" табыстады.Количество показов: 733
Дата создания: 27.02.2023 11:54:48