«Парыз-2013» байқауының жүлдегерлері марапатталды
Жергілікті «Алтын қыран» ЖШС орташа кәсіпкерлік субъектілер арасында «Парыз-2013» республикалық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Ал бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауда кіші кәсіпкерлік субъектілер арасында Мұғалжар ауданының «Смағұл» серіктестігі күміс мүсіншеге лайық деп танылған. Осы сынды жүлделерге қол жеткізген кәсіпорын басшыларына бүгін облыс әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді. Мәрия Сейткамалова «Парыз-2013» республикалық байқауына қатысқан кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында екінші орынды жеңіп, күміс мүсіншені Ақтөбеге алып келді. 76 жастағы зейнеткер үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде отбасымен Қандыағаш қаласында «Смағұл» шаруа қожалығын басқарып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Балалар үйі мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, игі ісімен аты танылған. Ақ жаулықты апа бүгін облыс әкімінің алғыс хатын алды. «Үздік әлеуметтік жауапкершілік кәсіпорын», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша барлығы 50-ге жуық кәсіпорын, жеке шаруа қожалықтарының басшыларына дипломдары салтанатпен табыс етілді. |
Количество показов: 1934
Дата создания: 30.12.2013 18:20:41