Пәтерін заңсыз жалдап жүргендер анықталды
Жалға алған пәтерді жынойнаққа айналдырды. Рейд жүргізген тәртіп сақшылары пәтерлердің бірінде есірткіге есірген жастарды ұстады. Қазір бұл дерек бойынша сараптама тағайындалды. Жігіттердің жоспарын тәртіп сақшылары күл-талқан етті. Оқиға теміржол вокзалы маңындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Жасы жиырмадан енді асқан, бірі отызға жақындап қалған екі жігіт қасындағы екі бойжеткенмен бірге ұсталды. Олар жалға алған пәтерге жиналып, есірткі пайдаланған. Жалдамалы пәтерлерге рейдті полицейлер қалалық салық басқармасымен бірлесіп өткізіп жатыр. Шара басталғалы бері заңсыз жалданған 6 пәтер анықталған. Тексеру барысында пәтер қожайындарының ешбір жерде тіркелмегендігі, жалдауға рұқсат беретін құжаттары жоқ екендігі анықталған. 6 азаматтың тұрғылықты мекен-жайы бойынша 10 тәуліктен астам тіркеусіз тұрып жатқандығы белгілі болды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Іс-шаралар әрі қарай жалғаса береді. |
Количество показов: 1960
Дата создания: 07.03.2013 20:06:36